Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында шошынарлық оқиға болды. 30 маусым күні...
Жамбылда футболдан кейін төбелес шығып, оқушы қайтыс болды
Фото: ЖИ
Жамбыл облысы Шу ауданында футболдан кейін төбелес болып, 10 сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
10 және 11 сынып оқушылары арасындағы жанжал 12 қыркүйекте Көкқайнар ауылындағы спорт алаңында кешкі сағат сегіздерде болған. Жиналған балалар футбол ойнап, кіші сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларын жеңген. Үлкен оқушалардың бірі ойын нәтижесіне наразы болып, 10 сынып оқушысын ұрып-соғып кеткен.
«Келген жедел жәрдем бригадасы баланың алған жарақаттан қайтыс болғанын тіркеді. Қылмыстық іс қозғалып, қатысы бар адамдар ұсталды» деп хабарлады Жамбыл облысының білім басқармасы.
Білім басқармасы баланың туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.
«ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 17 және 16 жастағы екі күдікті УҰИ-ға қамалды» деп түсіндірді облыстық ДП.
Бұған дейін Атырау облысы Сағыз ауылында жасөспірімдер арасында жаппай ұрыс болған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай қақтығыстар қайталанатын мәселеге айналып, ата-аналарды қатты алаңдатады.