Burj Khalifa негізін қалаушысына қазақстандық бизнесмен қонақ үйін сатты

Фото: ritzcarlton.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1726

Қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов бақылайтын топ қымбат қонақ үйді миллиардерге сатты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бизнес әлеміне танымал кәсіпкер Болат Өтемұратов бақылайтын «Верный Капитал» инвестициялық тобы бес жұлдызды The Ritz-Carlton Vienna қонақүйін араб миллиардері, Emaar Properties және Eagle Hills компанияларының негізін қалаушы Мохамед Алаббарға сатқан. Келісім 2025 жылғы қаңтарда аяқталған. Австриялық БАҚ дерегі бойынша, мәміле құны шамамен 110 млн еуро болған. 

The Ritz-Carlton Vienna қонақүйі Австрия астанасының ең беделді аудандарының бірі – Рингштрассе орталық көшесінде орналасқан. Қонақүйде 200 нөмір, екі мейрамхана, екі бар және іс-шараларға арналған тоғыз зал бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...