Алматы облысында цехтағы өртті сөндіруге тырысқан екі ер адам жарақат алды, деп хабарлайды madenipor...
Сенатор Марат Қожаев Шерзатты өлтірді деп күдікке ілінгендерді ашық түрде соттау керегін айтты
Фото: turaninfo.kz
Сенатор Марат Қожаев Талғарда 16 жастағы баланы өлтірді деп күдікке ілінгендерді ашық түрде соттау керегін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қазір бұл істі Ішкі істер министрі мен прокуратура бақылауына алды. Менің ойымша, іс заң аясында объективті түрде тергеледі. Қоғамдағы осындай мәселені ашық түрде талқылау керек деген ойдамын, - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапты. Сол жағдайдан кейін жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды.
Барлық кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық жиналған дәлел, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерделенуде. Қазір 7 адамның қылмыс жасауға қатысы бары анықталды, - деді Алматы облысы полиция бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров.
Содан кейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысы бар күдіктілер заң алдында жауап беру керегін айтты.