Жәнібек Әлімханұлы франциялық қарсыласын нокаутпен жеңді: Боксшыны Тоқаев құттықтады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1830

Жәнібек Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссегені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеулерін сақтап қалды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Әлімханұлы Франция боксшысы Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) жұдырық түйістірді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жариялады.

1-раундта отандасымыз қарсыласына тура соққы бағыттап, нокдаунға түсірді. Бұдан кейін де шабуыл үдеткен Әлімханұлы бесінші раундта франциялық боксшыны нокаутқа жіберді. 

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белдігін сәтті қорғады.

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

“Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді”, – делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...