Алматыда қолы қан-қан ер адам сұлулық салонына басып кірген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
173

Алматыда қолы қан-жоса болған ер адам сұлулық салонына басып кіріп, қызметкерлерді қорқытқан. Белгісіз ер адам қолындағы газ кілтімен адамдарды сескендіріп, жуынатын жерді көрсетуді талап еткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова хабарлады. Оның мәліметінше, ер адам ресепшенге жақындап, әжетхананың қайда екенін айтуды бұйырған. Сұлулық салонының әкімшісі одан кетуін өтінгенде, ол: «Аяқ астынан біреуді өлтіріп қойсам ше?» – деп сес көрсеткен.

Зәресі ұшқан бойжеткен оған есікті көрсеткен. Ал ер адам жуынып болған соң салоннан шығып кеткен. Қызметкер дереу «102» пультіне хабар берген. Бейнебақылау камерасындағы жазбалардан ер адамның қолында газ кілті бар екенін көруге болады.

Алматы қалалық Полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталып, жедел ұсталғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас болған. Сондай-ақ оның денесіндегі жарақаттарды ол өзіне-өзі салған. Қолындағы қан өзінікі болып шықты.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерттеп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілмек. 

MADENI TV

Астананың Нұра ауданындағы Үркер тұрғын алабында 25 сәуір күні «Таза Қазақстан» экология...

MADENI TV

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында экологиялық айлық жалғасып...