Жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі

ЖАҢАЛЫҚТАР
3015

25 наурыз бен 24 сәуір аралығында «Zhas Project» әлеуметтік жобалар байқауына өтінімдер қабылданады. Жоба шеңберінде жастарға 1 миллион теңге шеңберінде 280 шағын грант беру көзделген, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, жоба еліміздің барлық 20 өңірінде іске асырылады. Байқауға NEET санатындағы (экономикалық, әлеуметтік немесе саяси факторларға байланысты жұмыс істемейтін, оқымайтын жастар) 18-35 жасқа дейінгі жас қазақстандықтар қатыса алады.

«2022 жылдан бері жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта тарту мақсатында «Zhas project» гранттық бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталған. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту мен іске асыру арқылы NEET санатындағы жастар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесін алады», – деді Қ.Қамбаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Грантты иеленгеннен кейінгі басты талап - жобаны 4 айда жүзеге асыру. Қызығушылық танытқандар жоба талаптарымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының cisc.kz ресми сайты мен арнайы «Zhas project» парақшасында толық танысуына мүмкіндік бар.

Ал үздік жобалар желі арқылы анықталып, осы жылдың қараша айында марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып, көз жұмды. Қайғылы...