Белсенді Жан Ахмадиевтің сөзінше, марқұмның туыстары оған Мадинаны жуындыру кезінде түсірілген бейне...
Зорлық-зомбылықтан кейін ауруханаға түскен әйел қайтыс болды
Фото: freepik
436
Күйеуінен таяқ жеп жансақтау бөліміне түскен келіншек көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қырғызстанның Ош қаласында зорлық-зомбылық белгілерімен аурухананың жансақтау бөліміне түскен Гүлзада Назирбаева 29 тамызда көз жұмды.
Ош облыстық полициясының мәліметінше, әйелдің өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Осыдан бір апта бұрын марқұмның туыстары Гүлзаданы күйеуі ұрғанын айтып, дабыл қаққан. Алайда марқұмның қайын жұрты бұл айыптауларды жоққа шығарған.
Қазір әйелдің өліміне қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.