Цензураға ұшарған «Ауру» фильмі екі аптада 762 миллион теңге касса жинады

Фото: Freedom Ticketon

ЖАҢАЛЫҚТАР
1451

Цензураға ұшарған «Ауру» фильмі екі аптада 762 миллион теңге касса жинады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Freedom Ticketon дерегі бойынша, Айтөре Жолдаскали түсірген «Ауру» фильмі прокаттың алғашқы аптасында 517 млн теңге, ал екінші аптада 244 млн теңгеден астам табыс жинаған.

«Ауру» фильмі 13 қарашада прокатқа шықты. Туынды – «онкологиямен ауырамын» деп халықтан өтірік ақша жинаған ерлі-зайыпты жайлы баяндалады. Картинада ерлі-зайыптылардың «онкологиядан зардап шеккен» әйелге деп жалған ақпарат таратып, ақша жинауы туралы баяндалады. Басты рөлдерді Ділназ Құрманғали мен Аян Өтепберген сомдаған.

Қазақстандық «Ауру» фильмі премьерадан кейін, цензураға ұшырап, 21+ деңгейі қойылып, кинотеатрда тек 22:00-ден кейін көрсетілетін болған.  

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...