«Жауаптылар жазасын алсын»: Астанада қаза тапқан фельдшердің жұбайы жазба жариялады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
274

Астанада жарақат алған адамдарды құтқармақ болып, көз жұмған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жазба жариялады, деп хабарлайды  МadeniPortal.kz .

«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың... Маңдайыма сыймадың ба, періштем, сен менің мәңгі жүрегімдесің.

 Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін маған қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт және береке әкелген, Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын сұрап, қасында болып, дұға еттім. Сабыр сақтап, бәрін сабырға салдым. Ендігі тілегім соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар жазасын алуы тиіс!», – деді ол.

18 қарашада Ұлдана Мырзуан ауыр жарақаттан ес жимаған күйі аурухана төсегінде көз жұмды. Марқұм «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алматыкітап баспасы» DimashAli продюсерлік орталығының қолдауымен қазақстандық орындауш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сотқа тартылды, деп хабарлады Ma...