Алты формат, бір қарқын: Жаңа юморлық жоба көрерменге жол тартты

Фото: әлеуметтік желіден

Өнер
80

Тірі көрерменнің қатысуымен өтетін жаңа телевизиялық скетч-концерт заманауи юморды сахналық қойылымдармен ұштастырады. Жобада танымал әзілкештер, актерлер мен стендап-комиктер күнделікті өмір, қоғамдағы өзекті мәселелер мен соңғы трендтерді әзіл арқылы көрерменге ұсынады. Ал арнайы қонақ ретінде елге танымал жұлдыздар, кәсіпкерлер мен саясаткерлер шақырылып, скетчтерге, «прожаркаға» және басқа да әзіл нөмірлеріне қатысады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жоба алты негізгі форматты қамтиды: өзекті және тұрмыстық скетч, абсурд, музыкалық нөмір, жеке монолог және «прожарка». Осы форматтардың әрқайсысы бағдарламаның қарқынын сақтап, түрлі юмор жанрларын бір сахнада тоғыстырады.

                                               

Шоу резиденттерінің Instagram желісіндегі жалпы аудиториясы 7 миллионнан асады. Олардың қатарында Жахан Отарғалиев, Ғазиз Ерболат, Ғалым Махамбетов, Ақылбек Скендиров, Қабдол, Жандос Самалбеков, Жалғас Елеусінов, Өтеғалиев Темірлан, Мағжан Байгайс, Шакензо, Нұрсұлтан және Қайрат Оразбеков бар.

                                   

Жоба жылына 10 шығарылым форматында тұрақты түрде эфирге шығып, түсірілімдер арасында еліміздің ірі қалаларын қамтитын концерттік тур ұйымдастырады. Оның алғашқы концерті 25 тамызда Астана қаласында өтті.

Осылайша, жаңа жоба телевизиялық юморды тірі сахна атмосферасымен біріктіріп, көрерменге күнделікті өмірдегі таныс жағдайларды, қоғамдағы өзекті тақырыптарды және тосын әзілдерді жаңа қырынан ұсынуды көздейді.

                                     

Шоу-бизнес

Танымал актер Дәнекер Оразбай әкелерге арнап әрі өз қателігін түсініп видео жариялады, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мектептерінде оқушылардың оқу нәтижелері енді барлық пән бойынша бағаланады. Бұған дейін ж...