Мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жаңалықтар
1432

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті,

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін», деген сөзіне тоқталды.

– Сыйлық берілетін шығармаларда Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекетшілдік идеялары терең көрініс табуға тиіс. Ел тәуелсіздігі, мемлекетіміздің қалыптасу мен даму кезеңдері, ұлттық тарих, қоғамдағы азаматтық-имандылық өлшемдеріміз жоғары көркемдік деңгейде көрсетілуі шарт, – деді Мемлекеттік хатшы.

Комиссия мүшелері Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының іріктеліп алынған шығармалардың талқылану қорытындысы жөніндегі ақпаратын тыңдады.

Комиссия Елбасының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы 2018 жылғы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді жасырын дауыс беру арқылы анықтады.

Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...