Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Біздің жәрмеңке – ән ғұмыр» атты концерті өтті

Фото: Қазақконцерт

Өнер
20

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Біздің жәрмеңке – ән ғұмыр» атты концерті өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кеш барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Құттықтауда Данеш Рақышевтің қазақ өнерінің дамуы мен музыкалық мұраны кеңінен насихаттауға қосқан зор үлесі атап өтілді.

Дәнеш Рақышевтың есімі барша өнерсүйер қауымға кеңінен таныс. Ол ел мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайталанбас дауыс иесі әрі терең талғамды өнерпаз. Өнер иесінің өзіне тән қоңыр үні мен шынайы мәнері және халық әндерін терең сезіммен жеткізе орындаған туындылар қазақ мәдениетінде лайықты орын алып, руханиятымызға қосылған құнды қазынаға айналды, – делінген хатта. 


Концерттік бағдарламада Дәнеш Рақышевтың шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оның қолтаңбасына айналған танымал туындылар шырқалды. Атап айтқанда, «Жетісу қарқара», «Бақытым бол», «Бел жайлау»,  «Саясында алманың», «Жан-жақтағы бауырлар», «Ән салайын» және т.б. туындылар орындалды. Бағдарлама тек еске алу кеші емес, сонымен қатар ұлттық ән өнерінің даму жолын көрсететін үлкен мәдени оқиғаға айналды. Әрбір орындалған ән көрерменді өткен дәуірмен байланыстырып, қазақ музыкасының шынайы болмысын сезіндірді.

Іс-шараға дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген талантты орындаушылар, «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі мен «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері қатысты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын...

Өнер

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт&raquo...