«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған...» республикалық онлайн-мүшәйра

ОНЛАЙН-КОНКУРС
27552

Баянауыл аудандық әкімдігі мен «Мәдениет порталы» ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған...» атты республикалық онлайн-мүшәйрасын жариялайды.

Мақсаты

Ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров бейнесін жырмен сомдап, қысқа ғұмырында қараңғылықтың кегіне күн болып сәуле шашқан кемеңгер тұлғаның ерен істерін дәріптеу. Рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-өрлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау.

Шарттары

  • Қатысушы «Мәдениет порталына» тіркеліп, өлеңдерін өзі орналастырады;
  • Өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;
  • Өлеңдер 2018 жылдың 1-шілдесіне дейін «Мәдениет порталында» онлайн түрде қабылданады;

  • Онлайн- мүшәйраға 35 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады;
  • Қатысушы ақын берілген тақырыптар бойынша 3 туындысын ұсынады;
  • Көркемдігі төмен шығармалар жарияланбайды;
  • Онлайн-мүшәйра қорытындысы мен марапаттау уақыты «Мәдениет порталында» қосымша хабарланады.

Ұсынылатын тақырыптар

1. Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған бір өлең;

2. Баянауыл жайлы бір өлең;

3. Еркін тақырыптағы бір өлең.

          

Жүлде қоры

Бас жүлде біреу – 200 000 теңге.

Бірінші орын біреу – 150 000 теңге.

Екінші орын екеу – 100 000 теңге.

Үшінші орын үшеу – 75 000 теңге.

Арнайы сыйлық үшеу – 50 000 теңге.

«Мәдениет порталының» Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы арнайы жүлдесі.       


Онлайн-мүшәйра қорытындысын шығару


  • Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады;
  • Қазылар алқасының құрамына елімізге белгілі ақындар кіреді;
  • Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады; 
  • Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасының шығарған шешімі үшін жауапты болады;
  • Қазылар алқасы «Мәдениет порталында» онлайн дауыс береді;

  • Қазылар алқасының хатшысы тағайындалады;
  • Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді. 
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Онлайн-мүшәйра жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

          

Анықтама телефоны: 8-777-936-15-04

Ескерту: Жүлдегерлер Павлодар облысы, Баянауыл ауылына келіп-кету жол шығындарын өздері көтереді.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...