Бір жарым жасар бала қаза тапты

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
2955

Оқиға Алматы облысы Шырғанақ ауылында болған. Бір жарым жасар сәбиін алып, ата-анасы серуенге шыққан. Қыдырып жүргенде нәресте жерде жатқан сымды көріп, қолын созған. Баланы ток соғып, сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

Полицейлер "Еуразия" бірінші арнасына ауылда жұмысшылар жұмыс істеп жатқанын, олар үзілген сымды сол жерде қалдырғанын айтты.

Тергеу "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

317-баптың 3 бөлігінде абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер болса, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп ҚР Қылмыстық Кодексiнде көрсетілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...