Porsche көлігін тізгіндеген мас әйел 9 жастағы бала мен тәрбиешіні қағып кетті

ашық дереккөзден алынған

Оқиға
1331

Ресей Федерациясының Жаңа Мәскеу қаласында Porsche көлігін тізгіндеген 49 жастағы әйел рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кеткен. Салдарынан 9 жастағы баланы және оның тәрбиешісін қағып кеткен, деп хабарлады madeniportal.kz.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, әйел көлікті алкогольдік масаң күйде жүргізген.

«Әйел жүргізуші, Porsche маркалы көлікті басқара отырып, рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып, 2015 жылғы баланы және оның тәрбиешісін қағып кетті», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Желде тараған кадрларда тәрбиешінің баланы шанамен қар басқан тротуармен сүйрегені көрінеді. Бұл уақытта мас күйде болған Наталья С. оларды артынан қағып кеткен.

Жарақат алғандардың бәрі түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 9 жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал әйел ауруханаға жатқызылды.

Наталья С. ұсталып, медициналық куәландырудан өтті. Оның мас күйде болғаны анықталды. Жақында оған қатысты тергеу шаралары жүргізіледі.

Жергілікті жұртшылық әйелдің бұрын да ішіп алып, көлік жүргізіп, ағаштарға соғылғаны туралы айтқан. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғаушылар жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде.

ӘДЕБИЕТ

Қазақтың қара өлеңінде Ай мен Күн көп. Ақыны көп халықтың әр ақындарына өзіне Тәңірден еншілеген...

Жаңалықтар

Бүгін Оралдағы Жуков көшесі бойында салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу кезінде...