Таразда 15 жастағы бала адам өліміне себепші болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
620

Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлерінің жол ережесін бұзған «Audi» көлігін тоқтатқаны анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дей тұрғанымен, жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған.

Қуғын кезінде жүргізуші көлікті басқара алмай, электр желісінің бетон бағанасына соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Көлік тоқтатылғаннан кейін рөлде жүргізуші куәлігі жоқ 15 жастағы жасөспірім отырғаны анықталған. Кәмелетке толмаған жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ең негізгісінің бірі, жасөспірімнің көлік тізгініне қалай отырғаны да тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс аясында көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға берген көлік иесінің әрекетіне құқықтық баға берілмек. Сондай-ақ, жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу және бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...