Атыраудағы оқиғаға күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты ашық режимде өтетін болды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
649

Атырау облысы Жангелді ауылында төрт адамды өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты 18 мамыр, сағат 11.00-де басталатын болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жергілікті «Ақжайық» басылымының мәліметіне сүйенсек, оның ісін аса ауыр қылмыстарды қарайтын судья Зарема Хамидуллина қарайды. Айта кетейік, Зарема Хамидуллина осыған дейін де резонанс тудырған Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі қараған еді.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Жангелді ауылындағы төрт адамның өліміне қатысты іс келіп түсті. Бірінші сот отырысы 18 мамыр, сағат 11:00-де өтеді. Сот процессі ашық болады», - деп хабарлайды «Ақжайық». 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...