Жігіттер балалы болғысы келмейді дегенді алға тартқан ол тіпті олардың денсаулығы да сәбилі болуға м...
Меруерт Түсіпбаева: "Қол жайып отырғанда мынасы ұят болды"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева ұлының туған күніне салоннан су жаңа көлік сатып әперген Мадина Сәдуақасованы сынап тастады. Өнер иесі әріптесінің бұл іс-әрекеті өте ұят болғанын айтты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Меруерт Түсіпбаева баласына аса қымбат көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасоваға қатысты ойын Instagram желісінде айтқан.
"Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялды жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүріпті. Бір көше жетпей тоқтап, ары қарай жаяу барған. Маған да "Мама, машинаны желіде салмашы" дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ", – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне аса қымбат сыйлық тарту еткен. Өнер иесі 10 жастағы баласына салоннан су жаңа көлік сатып әперді.