Туканың Шымкенттегі пентхаусын көрген жігіт таң қалды

ӨСЕК-АЯҢ
5532

- Сіз жақын досыңызға: "Сөз сыртқа шығып кетпесін, бірақ рекорд орнаттым, бір айда 80 млн таптым" депсіз. Сол қаншалықты рас - журналист.

Сурет : etcon.kz15 Шілде 2019, 10:53

"Алдараспан" әзіл-сықақ театрының директоры Нұржан Төлендиевтің Шымкенттегі "супер" пентхаусында болып, одан сұқбат алған жігіт өз таңданысын жасыра алмады. Ол одан осы байлыққа жетудің сырын да сұрап, ақыл-кеңесіне де жүгінді. Бұл сұқбатты "Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан тамашалауға болады деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Zakon.kz -ке сілтеме жасап.

"Шымкенттен мынандай үй көремін деп ойламаппын. Котедж дейді, бұл котеджге келмейді, пентхаус дейді, енді сол пентхаустың үлкені шығар бұл. Осы арада сұрақ туады аға? Нұржан Төлендиевтің орташа есеппен айлық табысы қанша?" деп сұрақ қойды журналист оған.

- Біздің табыс тұрақты, жүйелі емес қой. Сондықтан оны нақты айта алмаймын. Бірақ жаман емес, Құдайға шүкір. Ырызықым - халқым, еңбегім – өнерім. Табысым жаман емес...

- Сіз жақын досыңызға: "Сөз сыртқа шығып кетпесін, бірақ рекорд орнаттым, бір айда 80 млн теңге таптым" депсіз. Сол қаншалықты рас?

- Ондай емес. Ондай табыс қайда?.. Негізі, мұның барлығы жинау арқылы келеді. Мысалы, мен мына үйді бір-ақ күнде сала салған секілді көрінеді сырт көзге. Жоқ, бұның өзіне 7-8 жыл уақытым кетті. Оны салмай тұрып, бауырларыма көмектестім. Соның бәрін бітіріп болған соңғы - бұл менің тірлігім. 4 бала-шағаммен 6 жыл бір бөлмелі жатақханада тұрғанмын алдында. Одан Нұрсатта тұрған адаммын...

- Мол табысқа жете алмай жүрген өнер адамдары көп. Оларға не ақыл айтар едіңіз?

- Ақын Қадыр Мырзаәлі ағамыздың мынандай өлеңі бар:

Туған жердің тылсым сырын ұғып көр,

Бұлтыңды бұлт демей түбіт дер

Қарап тұрып мынау шырқар шыңдарға

Қалай төмен боламыз-ей жігіттер!

Туған жердің тылсым сырын ұғып көр,

Тума бұлақ, дәриядан үміткер

Қарап тұрып мынау түпсіз теңізге

Қалай тайыз боламыз-ей жігіттер!

Туған жердің тылсым сырын ұғып көр,

Теңіз кешіп, шыңның басына шығып көр

Қарап тұрып мынау сайын далаға

Қалай төмен боламыз-ей жігіттер!

Көрдіңіз бе, мүмкіндік жоқ емес, бар туған жерінде тіршілік еткен адамға. Бейнет түбі зейнет. Қазіргі ең оңай жұмыс – мемлекетті жамандау не болмаса бай біреуді сыртынан жамандау. "Тырнақтап адам байымас, маңдайға Құдай жазбаса". Оны неғыласың сөз қылып. Біреу байыса байысын, біреу дәрежеге жетсе соған тілеулес бол! Алла-Тағала саған да сондай бақ-береке бермесіне кім кепіл? Біткен іске сыншы көп деген.

Үйде жатып алып, елді сынау, әрине оңай. Қазақтың түбіне жететін де сол. Кертартпалық, жамандау, жалқаулық. Ей, одан да еңбек ет, елде нең бар? Әрекет жасау керек қой. Бір жолы болмаса, екінші ретінде болады. Мен өзім жалқаулық көп адамның жолын жауып жүр деп ойлаймын.

Актер өз сұқбатында мешіт салғалы жатқанын да айтып, атышулы Замира мен Аша Матайға, іш-киімге қатысты пікірлерімен де бөліседі.

 

Жаңалықтар

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азама...

Жаңалықтар

Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандард...