АҚШ пен Иран 3 сәуір, жұма күні жоғалып кеткен америкалық ұшқышты қатар іздестіру жұмыстарын жүргізі...
Әуежай дәретханасында босанған: Ана мен жаңа туған сәби көз жұмды
әлеуметтік желіден
Мәскеудегі Шереметьево әуежайында жаңа туған нәресте көз жұмып, оның 30 жастағы анасы кейін ауруханада қайтыс болды. Қайғылы жағдай Түркияның Анталья қаласынан ұшып келген рейс қонғаннан кейін болған. Оқиғаға байланысты Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы Наталья Антальядан 11 жастағы қызымен және бірге тұратын 38 жастағы ер адаммен Мәскеуге келген. Әуежай терминалында әйелдің толғағы басталып, алайда ол медициналық пунктке жүгінбей, қоғамдық дәретхананың бір кабинасына кірген.
Куәгерлер әйелдің ұзақ уақыт бойы сыртқа шықпағанын және айналасындағылар ұсынған көмектен бас тартқанын айтқан. Ол сол жерде ұл баланы дүниеге әкелген. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты ананың әрекеті тексеріліп жатыр. Нақты мән-жай сот-медициналық сараптамалардан кейін анықталмақ.
Дәретханада босанғаннан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Қатты қан кету салдарынан ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Марқұммен бірге болған ер адамның сөзінше, ол әйелдің жүкті екенін білмеген. Оның айтуынша, Түркиядан ұшардан бір күн бұрын ғана әйелдің дене бітіміндегі өзгерісті байқап, жүктілік туралы сұраған. Алайда әйел нақты жауап бермей, оны «жақында тосынсый күтіп тұрғанын» айтқан.
Қазір тергеушілер әйелдің жүктілігін неліктен жақындарынан жасырғанын және әуежайдағы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы қылмыстық іс қозғап, бірқатар сот сараптамасын тағайындаған.