Қазақтың киіз үйі Burning Man-де үздік кемп атағына үміткер

Фото: Асхат Мұратовтың жеке мұрағатынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
810

Тарихта тұңғыш рет аңызға айналған Burning Man фестивалінде қазақтың 16 қанат киіз үйі тігілді. Black Rock шөлінде бой көтерген Tengri Camp күніне 1,5 мыңнан астам қонақты қарсы алып, бүгінде фестивальдің ең үздік кемпі атануға үміткер болып отыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ el.kz-ке сілтеме жасап. 

АҚШ-тың Невада шөлінде өтіп жатқан Burning Man фестиваліне алғаш рет қазақтың алып киіз үйі бой көтерді. Тengri Camp деп аталған бұл ерекше мәдени кеңістік түркі өркениетінің қастерлі белгілері мен құндылықтарын таныстыруға арналған.

 Киіз үйдің ішінде де, сыртында да қалқан, найза, ұлттық өрнектер, әуезді саздар және қонақжайлықтың сан ғасырлық дәстүрі тоғысқан. 

Келушілер нағыз көшпенділер шаңырағында болып, домбыра мен қобыздың қоңыр үнін тыңдап, ұлттық тағамдардан дәм татуда. Делегация мүшесі Сабина Омардың айтуынша, күн сайын қаншама шетелдік келіп, Қазақстан мәдениетімен алғаш рет танысып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...