Даулы видео жариялаған Астаналық блогер қамауға алынды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1906

Басы дауға қалған блогер жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды.

33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

"Қаралым мен «лайк» үшін заңды бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады. Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес", — делінген полиция хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...