Иранға қатысты Трамп маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Reuters

PESTEL
532

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қатысты ұстанымы жақын уақытта нақты шешімге келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, мәселе дипломатиялық келісім арқылы да, қатаң тәсілдермен де шешілуі мүмкін.

«Біз Иран мәселесі бойынша шешуші кезеңге жеттік. Бұл келісім арқылы да, қатаң әдістер арқылы да аяқталуы мүмкін», – деді Трамп Висконсин штатындағы Чиппева-Фолс қаласында өткен ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Трамп қазіргі таңда келіссөздердің соңғы кезеңіне жақындағанын атап өтіп, жағдайдың жақын күндері белгілі болатынын айтты.

«Біз бұл үдерісті негізінен аяқтадық. Оның дипломатиялық жолмен шешілетінін немесе басқа сценарий жүзеге асатынын алдағы уақытта көресіздер. Әрине, келісімге келу әлдеқайда оңай жол», – деді Трамп. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...