Алматы облысы Байсерке ауылында LGN Metal зауытында жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза тапты ал...
Әскери жаттығу қасіретке ұласты: Төрт сарбаз қаза тауып, 39 адам ауруханаға түсті
Сурет: report.az
Канаданың Альберта провинциясында орналасқан Уэйнрайт әскери базасының аумағына дала өрті таралып, төрт әскери қызметші қаза тапты. Тағы 39 адам ауруханаға жеткізілген, олардың 19-ының жағдайы ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, дала өрті әскери нысанның аумағына жетіп, адам шығынына әкелген.
Оқиға салдарынан төрт әскери қызметшінің қаза тапқаны, сондай-ақ ондаған адамның зардап шеккені хабарланды. Ауруханаға жатқызылған 39 адамның 19-ы ауыр жағдайда екені айтылды. Канада Қорғаныс министрлігінің 18 қазандағы ресми хабарламасына сәйкес, өрт 17 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 16:00 шамасында APOLLO SHOOTER әскери оқу-жаттығуы кезінде басталған. Қатты желдің әсерінен жалын тез таралып, әскери қызметшілер орналасқан аумақты шарпыған.
Қаза тапқан төрт әскери қызметшінің есімдері де жарияланды: сержант Морган Вонг және қатардағы жауынгерлер Шон Фаррелл, Эйден Гулдинг, Хейден Ликкмарк.
Канада премьер-министрі Марк Карни қайғылы оқиғаны ел Қарулы күштерінің бейбіт кезеңдегі ең ауыр трагедияларының бірі деп атады. Қаза тапқандарды еске алу үшін мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсірілді. Уэйнрайт әскери базасы Канаданың Альберта провинциясында орналасқан. Бұл нысан елдің Қарулы күштері әскери дайындық пен оқу-жаттығулар өткізетін маңызды орталықтарының бірі саналады. Өрттің нақты неден шыққаны, оның қанша аумақты шарпығаны және әскери қызметшілердің қандай жағдайда зардап шеккені туралы мәліметтер әзірге нақтыланбаған.