Тағы да ұшақ апаты. Санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2055

Медициналық эвакуация ұшағы Филадельфияның солтүстік-шығысында әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Апатқа ұшыраған Learjet 55 ұшағын басқарған санитарлық авиация компаниясы оның бортында экипаждың төрт мүшесі, педиатриялық бөлімнен бір науқас және жолсерік болғанын хабарлады.

— Қазіргі кезде біз тірі қалғандардың бар екенін растай алмаймыз, — делінген Jet Rescue Air Ambulance мәлімдемесінде.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Roosevelt Mall жанында зардап шеккендер көп — апат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30–да болған.

Бейнежазбадан ұшақтың жерге құлап, жарылғанын көруге болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...