Ресейдің Әзербайжандағы елшісі Михаил Евдокимов 14 қарашада Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне ша...
Көпқабатты үйдің жертөлесінде акула өсірген тұрғын анықталды
Фото: видеодан скриншот
Өзбекстанның Ферғана қаласында көпқабатты үйдің жертөлесіне бассейн орнатып, акула өсірген тұрғын анықталды. Бұл туралы Ферғана облысының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бақылау жөніндегі аумақтық инспекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тексеру кезінде Ферғана қаласындағы "Мурувват" махалласы, Ферғана көшесі, 78-үйдің жертөлесінде қолдан жасалған бассейн бары анықталған. Оны осы үйдегі пәтерлердің бірінің иесі орнатқан.
"Пәтер иесі көпқабатты үйдің жертөлесіне заң талаптарын бұза отырып, қолдан бассейн орнатқан. Онда балық, оның ішінде акула өсірілгені анықталды. Тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ жертөлені 15 күн ішінде босатып, бастапқы қалпына келтіру туралы жазбаша нұсқама берілді", – делінген инспекция мәлімдемесінде.
Бұдан бөлек, тексеру кезінде тұрғынның ауызсуды өз бетінше пайдаланғаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша да тиісті хаттама толтырылды.
Инспекция көпқабатты үйлердің ортақ аумағын, соның ішінде жертөлені заңда белгіленген талаптарға қайшы пайдалануға болмайтынын ескертті.