Қазақстанда өтетін Дженнифер Лопестің концертінің билеті қанша?

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
461

АҚШ-тың танымал әншісі Дженнифер Лопес Астана қаласында концерт өткізеді. Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, билеттердің сатылымы жақын күндері басталады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Хасеновтің айтуынша, концертке арналған билеттер 15 түрлі баға санатына бөлінген. Ең төменгі билет – 40 000 теңге, ал ең қымбаты – 150 000 теңге шамасында болады. Орташа есеппен, бір билет құны 88 000 теңге. 

Билеттердің нақты сатылым басталу күні туралы ақпарат «Астана концерт» компаниясының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. Концертке қызығушылық білдіргендер парақшаны бақылауда ұстағаны жөн. 

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Дженнифер Лопестің 1 тамызда Астанада өтетін концертіне қатысты болжамды экономикалық әсермен бөлісті.

Оның айтуынша, концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде.

Жалпы қала экономикасына түсетін түсім – 6,5 миллиард теңге шамасында болады. Бұл қаражат негізінен HoReCa (қонақүй, мейрамхана, тамақтану қызметі) саласына бағытталады.

Сонымен қатар, концерттен 400 миллион теңгеден астам салықтық түсім тікелей бюджетке құйылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО ТЖМ қызметкерлері ауылды өрттен қорғап қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Бүгін СҚО Тайынша...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жобаны Huawei компаниясы Бейжіңге жақын Хэбэй провинциясында орналасқан China Unicom компаниясымен б...