Ресей атысты тоқтатудан бас тартты

Фото: Pixabay.com

PESTEL
2666

Кремль АҚШ-тың Украинамен 30 күндік бітімгершілігі еш нәтиже бермейтінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресей билігі бұл мерзім Украина Қарулы күштеріне аздап тынығып алуға ғана мүмкіндік береді, дегенмен ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелмейді деп санайды. Бұл туралы 13 наурызда Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

Біз американдық тарапқа бұл украин әскері үшін уақытша демалыстан басқа ештеңе емес екенін анық айттық. Біздің мақсатымыз – Ресейдің заңды мүдделерін ескеретін ұзақ мерзімді бейбіт келісімге қол жеткізу, - деді Ушаков.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп Кремльге атысты 30 күнге тоқтатуды ұсынды. Сол үшін АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф Путинмен келіссөздер жасау үшін Мәскеуге барғанын жазғанбыз. 

Шоу-бизнес

Есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақы т...