Бейсенбі күні таңертең Манчестердегі Хитон-Парк синагогасының жанында көлік бір топ адамды соқты. Ар...
Отбасылық қайғылы оқиға: әкесі 15 жастағы ұлын атып өлтірді
ЖИ
Оқиға 22 қараша күні таңертең Хангалас ауданында болған.
Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, 47 жастағы ер адам үйінде алкогольдік мас күйде болған. Алдын ала деректер бойынша, ол өзіне тиесілі мылтықпен 15 жастағы ұлына оқ атқан. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.
Осыдан кейін ер адам 14 жастағы екінші ұлы мен әйеліне де оқ атқан. Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ведомство хабарламасында әйелдің жарақат алғаны туралы ақпарат жоқ.
Шабуылдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Аталған факті бойынша екі адамды өлтіру және тағы екі адамды өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Якутия прокуратурасы оқиға салдарынан екі адамның қаза тапқанын, ал жасөспірімнің ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. Қазіргі уақытта прокуратура тергеу барысын бақылауға алған.