3 баласымен өзінен 5 жас кіші жігітке ұзатылған блогер желіні шулатты

Фото: sn.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
2555

3 баласымен ұзатылып жатқан блогердің видеосы желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде тараған видеода маңғыстаулық блогер Несібелі Ахметқызыныі өзінен 5 жас кіші жігітке ұзатылып жатқанын көруге болады. Ол тойдың видеосын әлеуметтік желіге жария еткеннен кейін түрлі пікір мен сынға ілікті. 

«Бүгін жүрегімізді толқытқан ерекше күн болды — сырға салу! Бұл біздің өміріміздегі маңызды қадам. Алда жарқын болашақ, үлкен қуаныш, той! Қуанышымызды бөліскен барлық жандарға рахмет! Бүгін біздің шаңырақта үлкен қуаныш!

Қазақы дәстүрімізбен сырға салынып, Бұл күн – жаңа өмірдің бастауы, бақыт пен берекенің бастауы болсын!

Сырға салу – тек әдемі дәстүр емес, ол екі жақтың туыстық байланысын, сыйластықты, махаббат пен сенімді білдіреді», деп жазды ол.

Бірақ желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі бірінші күйеуінен махаббат көрмеген соң, екінші бақытын табуы заңдылық екенін айтса, кейбірі қазақтың салтын бұзып болды деп пікір білдірді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» РМК-ның болжамынша, 26 шілде, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...