Таяу Шығыста жағдай ушығуы мүмкін: хуситтер АҚШ-қа қатаң ескерту жасады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

PESTEL
312

FOX News-ке сілтеме жасаған Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісінің дерегінші, Президент Дональд Трамп Сауд Арабиясының хуситтерге қарсы әскери операциясына қосылған жағдайда, көтерілісшілер АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мүдделеріне жедел әрі жойқын соққы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Егер АҚШ Йеменге қарсы әскери әрекеттерге араласса, жауап қайтаруды ұзақ күттірмейміз. АҚШ-тың өзіне және аймақтағы барлық мүддесіне бағытталған жедел әрі жойқын соққы жасаймыз, – деді хуситтердің саяси бюросының мүшесі Мұхаммед әл-Бухайти.

Мұхаммед әл-Бухайти Сауд Арабиясындағы мұнай нысандары мен әуежай қызметкерлерін бұл орындардан алыс жүруге шақырды. Оның айтуынша, аталған нысандар енді заңды нысанаға айналған. 

Бұл мәлімдемелер топтың Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасаған жойқын шабуылынан кейін айтылды. Қайғылы оқиға 13 адамның өмірін қиып, жүздеген адамды жаралады.

Дүйсенбі күні президент Дональд Трамп Эр-Риядтағы шабуылды айыптап, бұл әрекетті мүлде орынсыз деп мәлімдеді.

Хуситтер өте өрескел қателік жасап отыр. Олардың ісі мүлде дұрыс емес, – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.