1 минут 1 млн доллар шығын: Дубайдың халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты

Фото: Pixabay

PESTEL
657

Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Дубай халықаралық әуежайының (DXB) жұмысы уақытша тоқтатылды. Барлық процедуралар белгіленген қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіледі, - делінген мәлімдемеде.

Anadolu агенттігі Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан келетін баллистикалық зымырандар мен дрон қауіптеріне қарсы тұрып жатқанын хабарлады.

Министрліктің мәлімдемесінде БАӘ әуе қорғаныс жүйелері баллистикалық зымырандарды жойып, әскери ұшақтар дрондар мен қанатты зымырандарды бейтараптандырғаны айтылған.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысында Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары аяқталды. Ол үш тәулік бой...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 2011 жылы туған кәмелетке толмаған Анищенко Мария Степановнаға іздеу жарияланды, деп хабарл...