Трамп қанағаттанбаған: Иран АҚШ-пен қақтығысты тоқтату бойынша жаңа ұсыныс жолдады

Фото: ЖИ/Kursiv.kz

PESTEL
934

Иран АҚШ-пен жалғасып жатқан қақтығысты тоқтату мақсатында келіссөздер жүргізуге бағытталған жаңа ұсынысын ұсынды. Бұл туралы Reuters агенттігі дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап жария етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәліметке сәйкес, Тегеранның жаңа бастамасы Пәкістан арқылы Вашингтонға жеткізілген. Делдал тарап Иранның ұсынысын АҚШ-қа ресми түрде табыстаған. Алайда құжаттың нақты мазмұны жарияланған жоқ.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп  Иранның соңғы бейбіт келіссөздерге қатысты ұсынысына қанағаттанбағанын мәлімдеді.

«Біз Иранмен жаңа ғана сөйлестік. Не болатынын көрейік, бірақ мен риза емеспін деп айтар едім. Олар дұрыс келісім жасауы керек. Қазіргі уақытта болып жатқан жағдайға қанағаттанбаймын», - деді американдық көшбасшы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 10–14 қазан аралығында халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты бірқатар көш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 37 жастағы Гүлжанат Құлмұрзинаның шағымынан кейін жеке стоматологиялық клиникада тексеріс...