Әлемдегі ең қымбат Labubu ойыншығының бағасы қанша?

Фото: New York Post

ЖАҢАЛЫҚТАР
1682

2023 жылы шығарылған скейтбордшы-монстр бейнесіндегі Labubu ойыншығы eBay интернет-аукционында рекордтық бағаға — 10,5 мың АҚШ долларына (5,7 млн теңгеден астам) сатылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ New York Post-қа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, сирек кездесетін бұл Labubu өткен аптада сатылған және қазіргі таңда eBay платформасындағы ең қымбат вирус ойыншыққа айналған.

Аталған ойыншық әйгілі көше киімдері мен спорттық аяқкиімдер бренді Vansпен қытайлық Pop Martойыншық өндірушісінің бірлескен жобасы аясында жасалған. Ал бастапқыда оның бағасы небәрі 85 доллар (шамамен 46 мың теңге) болған. Осылайша, коллекциялық Labubu-дың құны бастапқы бағасынан 125 есе өскен.

Бұған дейін бұл ойыншықтарды өндіруші компанияның табысы халықаралық нарықтағы жоғары сұраныстың арқасында 4,5 есеге артқаны хабарланған болатын. 

СПОРТ

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үлкен спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылы Лос-Андже...

PESTEL

Непалда алапат су тасқынынан кейін жоғалып кеткен әйел 10 күннен соң үйінді астынан тірі құтқарылды,...