Франция астанасы Парижде аптап ыстық салдарынан өлім-жітім күрт көбейді. Franceinfo мәліметінше, қал...
Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото: видеодан скриншот
427
Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, елде магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі ірі дүмпу тіркелген.
Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін.
Жер сілкінісі салдарынан Каракас халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, елдің бірқатар өңірінде интернет пен байланыс қызметтерінде ақаулар тіркеліп, энергетикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымға елеулі зиян келген.
Желіде тұрғындар апаттың салдарын көрсететін видеомен бөлісіп жатыр.