Ұшақты шұғыл эвакуациялау кезінде алты адам зардап шекті

Фото: Pixabay

PESTEL
945

Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайда Swiss әуе компаниясының ұшағынан жедел эвакуация кезінде алты жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Times of India сайтына сілтеме жасап.

Ұшақ ұшуға екпін ала бастаған сәтте қозғалтқыштың бірі істен шығып, артынан өрт тұтанған.

Экипаж ұшуды тоқтатып, жолаушыларды ұшу-қону жолағында шұғыл түрде эвакуациялау туралы шешім қабылдаған. Апаттық траптар қолданылған. Алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Әуе компаниясы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізетінін мәлімдеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жолаушылар паромының қатынасын қайта іске қосуды жоспа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек нарығындағы белсенділік тамыз айында айтарлықтай өсті. Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында ж...