Жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 10-ға жуықтады

Фото: Синьхуа

PESTEL
685

Синьхуа мәлімдеуінші, Бангладештегі жер сілкінісінің салдарынан 10 адам қаза болып, жүздеген адам жарақат алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бангладеште тарихтағы ең күшті жер сілкіністердің бірі Дакка қаласына жақын жерде болды. Жұма күні болған табиғи апаттан кемінде 10 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақаттанды.

Бангладеш метеорологиялық департаментінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 10:38-де тіркелді, ал оның магнитудасы 5,7-ге жетті. Эпицентр Нарсингди қаласына жақын орналасқан, Даккадағы Агаргаон сейсмикалық орталығынан 13 шақырым шығыс бағытта болды.

Жер сілкінісінен кейін билік төтенше жағдай режимін іске қосып, апат салдарын жою және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әртүрлі нысандарға топтар жіберді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Ернар Айдар ресейлік әншіге сәлемдеме жолдады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Ернар Ай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындап, оның соңы пышақ жарақатымен аяқталд...