«Машинист қаза тапты»: жолаушылар пойыздары соқтығысып, 64 адам жарақат алды

ашық дереккөз

PESTEL
91

Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы 64 адам зардап шекті. Апат салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz жергілікті Al Masry Al Youm басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 қарашада Гиза провинциясындағы Эль-Айят қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Гизадан Эль-Файюмға бағыт алған жолаушылар пойызы Каирден Асуанға бара жатқан пойыздың артқы бөлігіне соғылған.

Қатты соқтығыс салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып, жолаушылар жарақат алған. Апат орнында құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Зардап шеккендерді эвакуациялауға 52 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша, 64 адам ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ пойыз машинистерінің бірі қаза тапқаны хабарланды.

Оқиғадан кейін Гиза және Бени-Суэйф провинцияларындағы медициналық мекемелер жоғары дайындық режиміне көшіріліп жатыр.

Қазір апат орнында арнайы техникалар мен көтергіш крандар жұмыс істеп жатыр. Мамандар рельстен шыққан вагондарды алып, теміржол қозғалысын қалпына келтіруге кіріскен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана - Петропавл тас жолында екі көлік соқтығысып, 6 адам жараланды. Оның ішінде 4 күн бұрын дүние...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойынан бей...