Телевизия саласында қаншама жылдар бойы халықты алдап келдім (Видео)

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Пікір
2566

Жазушы, сценарист, блогер Перизат Мырзахмет су тасқынына және Бишімбаевтың сотына байланысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Телевизия саласында қаншама жылдар бойы халықты алдап келдім. Өнер адамдарын мықты тұлға ретінде көрсетіп, айтатын сөздеріне дейін жазып бердім. Сапалы мамандарды емес, сайқымазақтарды сөйлеткеніміз үлкен қателік болды. Соның салдарынан елімізде қазіргідей келеңіз жайттар орын алып жатыр. Біз болашақ Қазақстанның қауіпті сатысында тұрмыз. 35 жасымда түсіндім, біздің жасап жатқанымыз, өтірік адамдарды көтермелеуіміз бізді жақсылыққа әкелмейді. Бүгінгі сотта, топан суда болып жатқан проблемалар барлығында біз сапалы мамандарды емес, сайқымазақтарды сөйлеткеніміз үшін кінәлі боламыз. Біз кәдімгідей телевизияда маусым сайын шоу-программаларды жарыққа әкеліп, оларды жарнамалаумен айналыстық. Осыны көрсеңдер, бақытты боласыңдар деген сөйлемді жаздық біз. Уақытыңызды осымен өткізіңіз дедік.Шын мәнінде бұл менің жауапкершілігім. Ертең Құдайдың алдына барғанда осы үшін жауап беремін. Халқымды адастырғаным үшін,-деді блогер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...