Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1721

Алматы қаласында әскери қызметші тапаншаны пайдалану кезінде абайсызда оқ тиген, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Қазір себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқиға Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімшесінің оқу-жаттығу жұмыстарында болған. 

ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі аталған жағдайды растады.

Полигондағы оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, әскери қызметшілерге қаруды тапсыру кезінде абайсызда атылған Макаров тапаншасынан сұқ саусағы жеңіл жанама жарақат алынды. Оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, - деді ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөліст...

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...