Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды

Фото: Ақорда

САЯСАТ
227

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясын басқарады. Оның кандидатурасын Астанада өткен партияның құрылтай съезінің делегаттары бірауыздан қолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Съезд барысында қатысушылар Айбек Дәдебайды партия төрағасы қызметіне ұсыну туралы ұсынысты қолдады. Өз кезегінде Дәдебай делегаттарға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, бұл шешімді үлкен жауапкершілік деп бағалайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Айбек Дәдебай мемлекет басшысының жарлығымен Президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Оның орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тағайындалды.

5 мамыр күні президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дәдебайға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оның Президент әкімшілігінің басшысы ретіндегі қызметіне жоғары баға бергенін хабарлады.

«Әділет» атты жаңа партияның құрылатыны туралы бастамашыл топ 15 сәуірде мәлімдеген еді. Кейін ұйымдастыру комитеті саяси бірлестікті тіркеу үшін Әділет министрлігіне құжат тапсырды. Партия өкілдері бұл ұйым «президенттің стратегиялық бағытының институционалдық тірегіне» айналатынын айтқан болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ер адам туған әкесін соққыға жықты деген күдікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада LRT жанынан патрон тауып алып, оны түсірілімге пайдаланбақшы болған 22 жастағы жігіттің б...