Тоқаев: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жаңа жобалармен нығаяды

Фото: Ақорда

САЯСАТ
115

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ресми делегация мүшелерінің қатысуымен келіссөздерді кеңейтілген құрамда жалғастырды, деп хабарлайды 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың ерекше сипатын айқын көрсететінін айтты.

Қазақстан үшін ең әуелі Ресеймен жақын әрі достық байланыстар айрықша маңызды десек, артық болмайды. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салада сенімді түрде дамып келеді әрі оны мемлекетаралық байланыстардың нағыз үлгісі деп атауға болады. Біз шағын құрамда нәтижелі келіссөз жүргізіп, сан қырлы серіктестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық. Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз. Бұл орайда бүгін қабылданатын «Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы» бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді, – деді Президент.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі ахуалға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастықтың, әсіресе экономика саласында, табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізу екі ел арасындағы дәстүрлі байланыс алаңына айналған.

Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған елдердің арасындағы ең ірі инвестор саналады. Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 миллиард доллардан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, екі ел президенттерінің әкімшіліктері мен үкіметтерінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі. Осы қарқынды ары қарай жалғастыруға уағдаластық. Бүгінде инвестицияның жалпы көлемі 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталды, оның ішінде 122-сі іске асырылды, яғни, операциялық кезеңге өтті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда құрбандыққа шалуға алынған қошқардың иесінен қашқаны желіге тарап кетті, деп хабарлайды M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанға сапары барысында Владимир Путин тағы да Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін дұрыс айта алмады,...