«7 адам қаза тапты»: Жамбыл облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Қоғам
1817

16 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 526- шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады madeniportal.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, «Cadillac Escalade» маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан «DAF» маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.

Нәтижесінде «Cadillac Escalade» көлігі өз жолағына түсіп, «Газель» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен.

Оқиға орнында 37 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы «Cadillac Escalade» көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...