Ұлытау облысы Жаңарқа ауданындағы мәселені Парламентте депутат Аманжол Әлтаев көтерді, деп хабар...
Ақын Кеңшілік Мырзабеков пен Серік Тұрғынбекұлының күресіп жатқан суреті жарияланды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әдебиет сыншысы Амангеді Кеңшілікұлы әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Ол балалық шақ жайында өлең жариялап, танымал әкелерінің бала күнгі фотосын жариялады.
«Балалық шақтан салғанмен аулақ іргеңді,
Балалық шақтан қалуға тиіс бір белгі.
Алғашқы қиял, Алғашқы арман,
Тәтті үміт, Солардың бәрін балалық бермей, кім берді?!
Алғашқы түйсік, Алғашқы ағат түсінік,
Алғашқы ізет – кішкентай ғана кісілік.
Солардың бәрі алақынымен көтеріп,
Азамат етіп жіберген жоқ па ұшырып.
Сүрініп алғаш... жығылмау керек соны ұқтың,
Жарыла жүрек қуандың дағы қорықтың.
Алғашқы мұңмен – жалғыздықпенен жолықтың,
Зеріктің алғаш, жабықтың бәлкім, жалықтың.
Алғашқы бәрі. Барлығы тұңғыш, бастапқы,
Үйрендік алғаш ымдасу, әзіл-оспақты.
Кейбіреу күллі адалдығының барлығын
Балалық шақтың босағасына тастапты.
Ал одан әрі басталды үлкен – ұлы Өмір,
Азамат бол да, сол Өмірді еркін сүре біл.
Балалық шақтан бір белгі қалмай жүрмесін
Бойыңда түбі – жүре де жүре, жүре бір....
(Суретте ақындар Кеңшілік Мырзабеков пен Серік Тұрғынбекұлы)», - деп жазды Амангелді Кеңшілікұлы.