Павлодарда 74 жастағы мас әйел көлік жүргізу құқығынан айырылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2057

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін азаматша И. қатысты істі қарады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Сот өткен жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. мас күйінде Toyota көлігін басқарғанын анықтады. Сот отырысында зейнеткер құқық бұзушылық фактісін мойындады. Мұны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, медициналық куәландыру қорытындысы және бейнежазба растайды.

Қазақстанда мас күйінде жүргені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген. Алайда, 58 жастан асқан әйелдерге әкімшілік қамауға алу мүмкін болмағандықтан, сот тек құқығынан айырумен шектелді. Қаулы заңды күшіне енді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...