Қызылордада жасаған қылмысы үшін Ержан Болатовтың туған ағасы кінәлі бола тұра сот отырысында інісін...
«Абақтыда 100 шақты ән жаздым»: Мұрат Әбділда алғаш рет сұхбат берді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталған Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, қолдау білдірген ағайынға алғыс айтты, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі абақтыдан шығып, туған ауылына барды. Одан кейін Turkistan TV арнасына сұхбат берді.
«Құрметті, ағайын! Мен бостандыққа шықтым. Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғыс білдіремін. Екі жылда көп дүние өзгеріпті. Ауылым да өзгерген. Орталарыңызға оралдым. Еліміз тыныш болсын! Жол бойы далаға көз тастап келдім. Туған үйге жететін жер жоқ екен?! Мен өз арқамда шыққам жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын», – деп айтты Мұрат Әбілда.
Бұған дейін, 2022 жылы желіде блогер Мұрат Әбділда әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.