«Пышақтап, ыстық сумен күйдірді»: Алты баласы бар жүкті әйел халықтан араша сұрады

коллаж: madeniportal.kz

Қоғам
307

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылының тұрғыны көмекке мұқтаж, деп хабарлады madeniportal.kz.

Келіншектің айтуынша ол күйеуінен зәбір көрген. Неше мәрте ұрып, буындырып, пышақ кезеген кездері де болған көрінеді.

Келіншектің баста мақсаты алты баласын бауырына басып, күйеуімен ажырасып, заң алдында жауапқа тарту.

«Тоғызыншы айдың басында, сабақ басталар уақытта қатты ұрсып қалдық. Ол үйден кетіп, атам үйіне бардым. «Мені ұрды, ата, балаларды осы жерге оқытайын» , деп атама айттым. Атам үндемеді. Кейін үш-төрт күннен кейін күйеуім келіп алып кетті. Кешке жақын машинаға салып алып келді. Кейін саныма, қолыма пышақ салды. Одан кейін күйдірді. Қолымда кәдімгідей пышақтың іздері бар. Кейін бір айдан кейін бір досы іздеп келіпті. Күйеуің бар ма дегенге жоқ деп жауап бергенім үшін қолымды пешке күйдірді», - деді Нұрғыз Мырзабай.

Нұрғыздың сөзінше, ол бұндай күйеуінен қорлықты 15 жыл бойы көріп келген.

 

Жаңалықтар

Финляндиялық бренд смартфондар нарығынан біржола кетті, деп хабарлады madeniportal.kz. Ал Nokia өні...

Қоғам

Акушер-гинеколог Әйгерім Төреқұлова Dope Söz подкастында жүкті әйелдер сәбиінің жынысы үшін або...