Алматыда 8 наурыз қарсаңында митинг өтеді

Қоғам
2616

Алматыда 8 наурыз қарсаңында «Әйелдердің лайықты өмірі үшін» тақырыбында митинг өткізіледі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы ақпаратты қоғам белсендісі Бибинур Шералиева өзінің әлеуметтік желісінде жариялады. 

Біз Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні М.Ганди саябағында «Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин!» тақырыбында митинг өткізуге хабарлама берген болатынбыз. Біздің берген хабарламаға әкімдік тарапынан митинг өткізуге рұқсат берілді деген жауап алдық. Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады, – дейді Бибинур Шералиева.

Фото: facebook.com/RahymHouse

Митинг 7 наурыз күні сағат 12:00 кезінде Махатма Ганди саябағында өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...

СПОРТ

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт фед...