Әлеуметтік желіде Демеудің белдесуін тамашалаған алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбековтың видеосы тара...
Қазақстанға блогерлерден қанша пайда түскені белгілі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Елімізде ресми тіркелген 745 блогер бар. Биыл 9 айда олар мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден аса салық төлеген, деп хабарлады madeniportal.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңының ережелеріне сәйкес инфлюенсер (блогер) - онлайн-платформада басқа да тұлғаларға ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Бүгін республика бойынша 745 блогер бар. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде жарнама беруден немесе ақпараттық өнімдерді жылжытудан түсетін табыстарға салық салынады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, бұл тізім әлеуметтік желілерде - Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан аса жазылушысы бар жеке тұлғалардан құрылған. Егер блогер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса, оның жылдық табысының мөлшері 12 ең төмен жалақыдан асса (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы - 85 мың теңге, бұл 1 020 000 теңге болады) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.
"Жалпы, отандық блогердің көпшілігі - қазір кәсіпкер және қолданыстағы салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Осылайша, өткен 9 айда олар 1 миллиард 226 миллион теңгеден астам салық төлеген", - деді комитет өкілдері.