Ана мен бала ұлттық орталығының директоры, балалар дәрігері өмірден озды

Қоғам
3146

Ана мен бала ұлттық орталығының директоры, белгілі балалар дәрігері Бекбай Хайрулин 65-ке қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: Фото: bestdoctor.kz

University Medical Center орталығының хабарлауынша, Бекбай Хайрулин ұзаққа созылған дертінен қайтыс болды.

«Бүгін таңертең 64 жасында біздің қымбатты досымыз, әріптесіміз және жай ғана мейірімді, жанашыр адам, педиатр, UMC медицина орталығының директоры Бекбай Еслямұлы Хайрулин қайтыс болды. Әріптестері мен емделушілердің құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болған Бекбай Еслямұлы саналы ғұмырын адамдарға риясыз көмек көрсетуге арнады. Өзінің еңбек жолында денсаулық сақтау саласын дамытуға, талай адамның өмірін сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосты. UMC ұжымы орны толмас қазаға қайғырып, Бекбай Еслямұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады», деп жазды UMC.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...